Тоқаев Вьетнамда ұлт қаһармандары монументі мен Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қойды

Президенттің Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қоюдан басталды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялады.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

"Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті. Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты", – делінген ақпаратта. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда өрт кезінде әрекет ету оқу-жаттығуларын ұйымдастыруды тапсырды


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз