Тоқаев үш мемлекеттік органның басшысын қайта тағайындады

Коллаж: Informburo.kz
Коллаж: Informburo.kz
Үш органның бұрынғы басшысы қайта тағайындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев үш мемлекеттік органның басшысын тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды.

Конституциялық сотты – Эльвира Азимова, Орталық сайлау комиссиясын – Нұрлан Әбдіров, Жоғары аудиторлық палатаны Әлихан Смайылов басқаратын болды.

Эльвира Азимова Конституциялық сотты 2023 жылғы 1 қаңтардан бері басқарып келеді. Жаңа Конституцияға сәйкес, Конституциялық соттың төрағасын президент тағайындайды. Оның өкілеттік мерзімі – сегіз жыл.

Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып қызметін 2022 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді. Тамызда оның төрағалығымен жаңа Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті.

Жоғары аудиторлық палатаны Әлихан Смайылов басқаруды жалғастырады. Ол бұл қызметке алғаш рет 2024 жылғы сәуірде, премьер-министр қызметінен кеткеннен кейін тағайындалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау