Тікелей эфир

Тоқаев: ҰҚК департаментінің басшылары қару-жарақ пен құпия құжаттар сақталған ғимараттарды тастап кетті

Ғимараттардың ішінде қару-жарақ пен құпия құжаттар қалып қойған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысында Ұлттық күштік құрылымдардың жұмысы туралы айтты.  

"Террористік агрессия нысандарына айналған қала тұрғындарына көңіл айтамын. Бүгінде бұл қаралы күндер артта қалғанда террористік агрессиямен бетпе-бет келген ІІМ арнайы бөлімшелерінің батыл жауынгерлеріне алғыс айтым келеді. Мысалы, Алматыда полицейлердің шағын тобы екі күн бойы Полиция департаментінің ғимаратын басып алмақ болған бандиттердің шабуылына тойтарыс берді. Қорғаныс министрлігінің әскерилері мен Мемлекеттік күзет қызметі де дағдарысты жағдайда өздерін лайықты ұстай білді", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев борышын адал атқармағандардың да бар екенін атап өтті.

"Алайда өз борышына бәрі бірдей адал бола алмады. Кей қалаларда ҰҚК департаменттерінің басшылары жеткілікті әскери арсеналға қарамай, қарсылық танытпастан қару-жарақ пен құпия құжаттар бар қызметтік ғимараттарды тастап кетті", – деді Президент. 

Серіктестер жаңалықтары