Мемлекет басшысы премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президенті құттықтауында премьер-министрдің дана басшылығының арқасында Үндістан сенімді түрде алға қарай қадам басып, экономиканы дамытуда және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруда айтарлықтай табысқа жеткенін атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
USD:
462.1 / 464.9
EUR:
542.0 / 547.0
RUB:
5.95 / 6.07

