Тоқаев түркі елдерінің ішкі істер министрлерімен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаев түркі елдері арасындағы байланысты атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті.

Кездесуге Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның ішкі істер министрлері қатысты.

Атап айтқанда, жиынға Әзербайжан Ішкі істер министрі Вилаят Эйвазов, Қырғызстан Ішкі істер министрі Улан Ниязбеков, Түркия Ішкі істер министрі Мустафа Чифтчи, Өзбекстан Ішкі істер министрі Азиз Ташпулатов және Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қатысты. Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі елдерінің достығын нығайтуға елеулі үлес қосып отырғанын айтты.

"Қазақстан бұл беделді құрылыммен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мән беріп отыр. Ұйымға мүше елдер түрлі саладағы, соның ішінде күштік құрылымдар арасындағы өзара байланысын күшейтіп келеді", – деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, осы тұрғыдан алғанда Ішкі істер министрлерінің кездесуі маңызды.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде ауқымды өзгерістер болып, түрлі сын-қатерлер көбейгенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан заман талабына сай шапшаң әрекет ету үшін ауқымды реформаларды қолға алған. Президент наурыз айында жалпыұлттық референдум өтіп, жаңа Конституция қабылданғанын еске салды. Оның негізінде елде жаңа саяси лауазым – Вице-Президент институты енгізіліп, Үкімет жаңарды және Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды.

Сондай-ақ жақын арада жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесін жасақтау жоспарланып отырғанын айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы түркі елдерінің басшыларына ыстық ықыласын жеткізіп, түбі бір мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау