Тоқаев табиғи апаттар туралы: Мәселе пайда болған кезде ғана жанталаспай, қиындықтың алдын алған жөн

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Президент әр жылғы қателіктерді қайталамай, науқандық жұмысқа емес, жүйелі болжамға сүйену керектігін қатаң ескертті.

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апаттарды болжау және олардың зардаптарын азайту мәселесін Үкіметтің басты назарына қойды. Мемлекет басшысы биылғы болжамдардың күрделі екенін ескертіп, алдын алу шараларында заманауи технологияларды қолдану қажеттігін атап өтті.

"Құзырлы мекемелер биыл кейбір аймақта алдымен су тасқыны, содан соң құрғақшылық болатынын айтуда. Үкімет қазірдің өзінде нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп қоюы керек. Тағы да айтарым, табиғи апаттарды болжау үшін цифрлық тәсілдерді пайдаланбасақ, жұмыстың бәрі босқа кетеді. Бізде қажетті технологияның бәрін пайдалануға мүмкіндік бар. Тек соның барлығы қаншалықты жауапты әрі жүйелі түрде қолданылады деген сұрақ туады. Мәселе – сонда. Егіс алқаптары мен инфрақұрылымды қорғауға қажетті шаралар алдын ала қабылдануы қажет", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Президент "Самұрық-Қазынаны" сынға алды: "Қосшыдан басшы көп, олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ


Президент әр жылғы қателіктерді қайталамай, науқандық жұмысқа емес, жүйелі болжамға сүйену керектігін қатаң ескертті. Көктемгі маусымның басталуына байланысты әкімдіктер мен Үкіметтің бірлескен жұмысы күшейтілуі тиіс.

"Әр жолы мәселе пайда болған кезде ғана жанталаспай, қиындықтың алдын алған жөн. Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек. Көктем де келіп қалды. Үкімет әкімдіктермен бірге су тасқынына қарсы шараларды сапалы жүзеге асыруға тиіс", – деді президент.

Бұл тапсырмалардың орындалуы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға және халықтың мүлкін табиғи апаттардан қорғауға бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз