USD: 488.7 / 491.3
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Тоқаев ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.

Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты. Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз