USD: 477.3 / 479.9
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады

Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.

Президент су тасқыны болған өңірге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Берік Уәли хабарлады. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", – деп жазды Берік Уәли. 

Еске салсақ, 1 сәуір күні мемлекет басшысы Республикалық штабтың отырысын өткізіп, Үкіметке, құзырлы мемлекеттік органдарға және облыстардың әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. Мұнымен қатар ол Үкімет бекіткен Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын сынға алды.


Оқи отырыңыз: "Жағдай осылай жалғасса, қызметтен босату керек". Президент су тасқынымен күреске немқұрайлы деген баға берді


Оның пікірінше, тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары декларативтік сипатқа ие. Құжат су тасқыны салдарынан болатын шығынның алдын алу және азайту мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан тұжырымдаманы қайта қарау жөнінде міндет жүктелді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау