Тікелей эфир

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді

Мемлекет басшысы Оқушылар сарайында орналасқан № 59 учаскесіне келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді. 

Президент елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 59 дауыс беру учаскесіне келді. Президент осы учаскеде бюллетень арқылы республикалық референдумда өз таңдауын жасады.

Референдумға 11 миллионнан астам қазақстандық қатыса алады.

Қазақстан азаматы ЖСН нөмірі арқылы өзінің учаскесін таба алады. Ал табылмаған жағдайда, ақпарат ресурсының соңында әкімдіктердің call орталығының тізімі шығады. Солардың біріне хабарласып, қайда барып дауыс беру керегін білуге болады.

Референдумға қатысушыларға бір ғана сұрақ қойылады. Ол – "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулармен келісесіз бе?".


Оқи отырыңыз: Алматы әкімі әйелімен бірге референдумда дауыс берді


Өзгерістер топтамасын қолдап, не қарсы болып жауап беруге болады. Егер қатысушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берсе, референдум өткізілді деп танылады. Ал өзгертулерді қабылдау үшін референдум қатысушыларының 50 пайыздан астамы қолдап дауыс беруі керек.

Серіктестер жаңалықтары