Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшісін тағайындады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшісін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен тағайындалған елшілер:

  • Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз