Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің отставкасын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Қаулы мәтіні төмендегідей:
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2024 жылғы 05 ақпан Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулы етемін:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салсақ, 7 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Оқи отырыңыз: Тоқаев бизнесмендерге: Болашақты Қазақстанмен байланыстырсаңыздар, қаржыны өз елімізге салыңыздар
USD:
491.9 / 494.7
EUR:
568.5 / 573.5
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…