Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Жолдауда еліміздің алдағы даму жоспары айқындалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиында айтты.

Президенттің айтуынша, Жолдауда еліміздің алдағы даму жоспары айқындалады.

"Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жаңа Конституция қабылданып, Құрылтай сайлауы өткенін, вице-президент тағайындалғанын, жаңа Үкімет жұмысқа кіріскенін, қауіпсіздік кеңесінің аппараты жасақталғанын атап өтті. 

Алдағы уақытта Қазақстан Халық кеңесінің құрамы бекітіледі, конституциялық сот судьялары, орталық сайлау комиссиясы мен жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау