Тоқаев премьер-министрдің орынбасары Аида Балаеваны қабылдады

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Президент мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастарды жетілдіру бойынша тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Аида Балаева мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндады. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысына мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, сондай-ақ отбасы, жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. 

Мемлекет басшысы аталған бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз