Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
"Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Оралхан Бөкейдің үйі музейге айналды