Тікелей эфир

Тоқаев: Конституцияның әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана әділдік орнығады

Президент азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесі айтарлықтай нығая түскенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Светлана Жақыпова, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов қатысты.

"Біз бүгін Конституция күніне орай арнайы жиналдық. Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мереке. Ата заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін ең басты құжат. Оның әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана әділдік пен заң үстемдігі орнығады. Баршаңызға мәлім, былтырғы референдумда халық ауқымды конституциялық реформаға қолдау көрсетті. Ата заңға маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның бәрі мемлекет басқару моделін жаңғыртуға негіз болды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Көп жағдайда әлеуметтік шиеленіс пен масылдыққа құқықтық сауатсыздық себеп болады


Мұнымен қатар мемлекет басшысы реформа жасау кезінде ең алдымен құқық қорғау саласына баса мән берілгенін айтты. 

"Конституциялық Сот құрылды. Омбудсмен институты және прокуратура органдарының мәртебесі артты. Бір сөзбен айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесі айтарлықтай нығая түсті. Реформаның нақты нәтижесі бар", – деді президент. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары