Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық комиссия жұмысының қорытындысы мен елдің Ата Заңына енгізілетін реформалардың маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы комиссия мүшелерінің он отырыс қорытындысы бойынша "жаңа Конституция қабылдау қажет" деген маңызды байламға келгенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, Конституцияның алғашқы нұсқасының жариялануы қоғамда үлкен серпіліс тудырған. Бұл үрдісті Мемлекет басшысы елдегі саяси мәдениет пен азаматтық белсенділіктің артуы ретінде бағалады.
"Осыған дейін Конституциялық комиссияның он отырысы өтті. Комиссия мүшелері түзетулердің аса көптігін ескере отырып, ортақ пайымға келді. "Ата Заңға жекелеген өзгеріс енгізу жеткіліксіз, қазіргі жағдайда жаңа Конституция қабылдаған жөн" деген байлам жасады. Соған сәйкес қаңтар айында жаңа Конституцияның алғашқы нұсқасы жарияланды. Бұл бастама қоғамның айрықша назарын аударды. Мен мұны өте жақсы үрдіс деп санаймын. Азаматтарымыз Конституция жобасының түрлі баптарын қызу талқылап жатыр. Қоғамның саяси мәдениеті және белсенділігі артып келеді. Бұл – менің саяси бағдарымда көрсетілген негізгі міндеттердің бірі", – деді президент.
Оқи отырыңыз: Халықтың табысын көбейту үшін салықтық ынталандыру шаралары енгізіледі – Бектенов
Мемлекет басшысы елдің саяси тұрақтылығы мен алға басуы үшін негізгі екі қағидатты айқындап берді.
"Еліміз үшін "Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт" және "плюрализмге – ашықпыз, экстремизмнен – қашықпыз" қағидаттары өте маңызды. Сол арқылы қоғамдық диалогтің дамуына, еліміздің үздіксіз алға басуына жол ашылады. Қазірдің өзінде бір нәрсені күмәнсіз айтуға болады: жұртшылық назарына мүлде жаңа құжат ұсынылып отыр. Бұл құжат мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түскенін, яғни сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді", – деді мемлекет басшысы.
USD:
492.3 / 494.9
EUR:
584.5 / 588.5
RUB:
6.33 / 6.45