Тоқаев Hanwha Group компаниясына Қазақстанды Орталық Азияға шығатын алаң ретінде пайдалануды ұсынды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады. Кездесуде қазақ-корей инвестициялық және технологиялық ынтымақтастығының перспективті бағыттары талқыланды, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кореямен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Президенттің айтуынша, Hanwha Group компаниясы – Корея Республикасының бірқатар стратегиялық маңызды салаларда халықаралық позициясы мығым жетекші бизнес топтарының бірі.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатқанын айтты. Hanwha Group компаниясына Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығатын технологиялық алаң ретінде пайдаланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.

Президент Қазақстанның Hanwha Group компаниясымен серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады және қол жеткізілген уағдаластықтар өзара тиімді нақты жобаларға ұласатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Ким Дон Вон Hanwha Group 1997 жылы Қазақстанмен ынтымақтастықты бастаған алғашқы кореялық корпорациялардың бірі екеніне назар аударды. Сондай-ақ еліміздегі цифрландыру үдерісіне және түрлі жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін ерекше ықыласпен қабылдағанын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау