Бүгін Астанадағы бірқатар нысандарды аралап жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәулет" теннис орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорда.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сонымен қатар мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.
"Дәулет" орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.
Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.
USD:
482.9 / 485.7
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.83 / 5.99