Тоқаев дәрігерлерге күш қолданғандарға жазаны қатаңдатуды қолдады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай президенттің медицина қызметкерлеріне қатыгездік танытқандарға жазаны қатаңдатуды қолдайтынын хабарлады

"Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды. Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек", – деп жазды Руслан Желдібай.

Ол президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырғанын хабарлады. 

Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз