USD: 474.5 / 478.5
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.81 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Тоқаев Черногория президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаев Яков Милатовичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория президенті құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай президент Яков Милатовичті құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. 

Жеделхатта Черногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау