Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Жиында Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын айтады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

"Жиында мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады", – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары