USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.45 / 6.57
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Тоқаев бірнеше театр мен филармонияға жаңа мәртебе беруді ұсынды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Кейінгі бес жылда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы екі есе артқан.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, сала мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Президент алдымен жиынға қатысушыларды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтап, мәдениеттің ұлт болмысы мен рухани дербестіктің негізгі тірегі екенін атап өтті.

"Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысы мен рухани дербестігінің арқауы. Руханияты бай елдің ойы озық, болашағы жарқын болады", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстанда ауқымды реформалар жүзеге асып жатқанын айтып, олардың ел болашағына тікелей әсер ететінін жеткізді. Оның сөзінше, конституциялық реформалар мемлекеттілікті нығайтуға және жастардың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Президент мәдениет саласын қолдау енді мемлекеттің конституциялық міндетіне айналғанын ерекше атап өтті.

"Мен Мемлекет басшысы ретінде ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отырмын. Кейінгі бес жылда олардың жалақысы екі есе ұлғайды. Биылдан бастап өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі де екі есе өседі", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы мәдениет инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы да айтты. Оның мәліметінше, былтыр елімізде 61 мәдениет нысаны салынып, 250-ден астам мекемеге жөндеу жүргізілген.

Сонымен қатар өткен жылы президент жарлығымен үш музейге «Ұлттық» мәртебе берілген. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасады.

Тоқаев Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымдарына "Ұлттық" мәртебе беру орынды екенін айтты.

Сондай-ақ Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына "Академиялық" мәртебе беру ұсынылды.

Президенттің айтуынша, бұл өнер ұжымдары елдің рухани мұрасын дамытуға үлкен үлес қосып келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз