Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр.
"Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды. Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді", – делінген хабарламада.
Еске салайық, Әзербайжанның Нахчыван автономиялық республикасында пилотсыз ұшу аппараттары (ПҰА) апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, олар Иран қарулы күштеріне тиесілі. Дегенмен, Иран бұл ақпаратты теріске шығарып, оған өзінің қатысы жоғын мәлімдеді.
USD:
460.7 / 463.5
EUR:
542.0 / 547.0
RUB:
6.03 / 6.15

