Тікелей эфир

Тоқаев: Ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді

Бұл 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. 

Президент маңызды міндеттердің бірі ретінде ауылды жан-жақты дамытуды атады. 

"Себебі, ауылды дамыту – түптеп келгенде, бүкіл Қазақстанды дамыту деген сөз. Сондықтан биыл біз "Ауыл аманаты" жобасын бастадық. Ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 100 миллиард теңге бөлінеді. Соның арқасында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президенттің айтуынша, 2024 жылдан бастап бизнесті дамытуға арналған бірыңғай кешенді бағдарлама қолға алынады. Оның аясында болашағы бар шағын және орта бизнеске басымдық беріледі. 

"Яғни мемлекет өндірістік қабілеті жоғары және экспортқа өнім шығаратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді", – деді мемлекет басшысы. 

Серіктестер жаңалықтары