Мемлекет басшысы Таңбалы тастағы қастерлі жазулардың бүлінгеніне тоқталды.
Президент Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды жаңғыртудың жеткіліксіз екенін атап өтті. Осы орайда, ол Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды қолға алу қажеттігін айтты.
"Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда басталғаны дұрыс болды. Киелі өлкеміз Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірліктің символына айналды. Осы орайда, мен тағы бір маңызды бастама көтергім келеді. Бұл жерде барлық рулардың таңбасы тасқа жазылған. Сол арқылы бабаларымыз ұлт бірлігін көрсеткен. Қаныш Сәтбаев "Еліміздің ту тіккен жері – Таңбалы тас" деген. Өкінішке қарай, қастерлі жазулар кейін әбден бүлінді. Ел азаматтары Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды жаңғыртты. Бірақ, бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Мұнда қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұруы керек. Мен Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырамын. Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруға тиіс. Сол арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасып жатқанын көрсетеміз. Тамыры терең мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталғанын білдіреміз", – деді мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз: Әлихан Бәйменов Qazaqstan мен "Хабарды" қоғамдық телеарнаға айналдыруды ұсынды
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
302
-
0
-
0
-
-
2😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
303
-
0
-
0
-
-
3😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
307
-
0
-
0
-
-
4🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
287
-
0
-
0
-
-
5🚰🚱 "Дүкеннен сатып аламыз". Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жарты айдан бері ауыз сусыз отыр
-
285
-
0
-
0
-
-
6🇰🇿 Тоқаев: Қазіргі Қазақстан екі жыл бұрынғы Қазақстаннан өзгеше, реформа әлі біткен жоқ
-
286
-
1
-
0
-
-
7👩🍳 "Аспаздар жұмыс істеуден бас тартып отыр". Павлодарда ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыру тоқтатылуы мүмкін
-
271
-
0
-
0
-
-
8👩🏫 Патронат тәрбиешілердің жалақысы екі есе артты
-
254
-
0
-
0
-
-
9🚈 "Қазақстан темір жолы" кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті
-
252
-
0
-
0
-
-
10🚘 Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
273
-
0
-
0
-