Тоқаев Ақордаға Бектенов бастаған бір топ шенеунікті жинады

Жиынға Үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және Үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті, деп хабарлады Ақорда. 

Жиынға премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, Үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы жеті айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жөнінде баяндалды.

Үкімет келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өсім көрсетеді, ал инфляция 5,5-7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжам жасап отыр.

Мемлекет басшысы Үкіметке макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, орталықтағы және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік шығындарды басымдығына қарай реттеудің нақты механизмін енгізу, сонымен қатар көлеңкелі экономикамен күрес шараларын күшейту туралы міндет жүктеді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз