
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мұқтаж жандардың бәріне қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
"Қандай жағдай болса да, мемлекетіміз тиісті әлеуметтік міндеттемелерді орындайды. Мұқтаж жандардың бәріне қажетті көмек көрсетіледі. Әлемде мұндай тәжірибе сирек кездеседі. Бірақ біз үшін бұл – мызғымас ұстаным", – деді президент.
Сондай-ақ мемлекет басшысы мәселенің екінші жағы бар екенін еске салды.
"Әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемге ие болу үшін қитұрқы әрекеттер жасайтындар аз емес. Тіпті әлеуметтік алаяқтық пайда болды деп айтуға болады. Ондай алаяқтар мемлекетке де, қоғамға да зиянын тигізіп жатыр. Көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс", – деді президент.