Новости спорта

Тоқаев әкім, депутат және үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жариялады

Мемлекет басшысы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілерге жалақыны мүмкіндігінше көтеруді жалғастыратынын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік өкілдерінің жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жарияланатынын мәлімдеді.

"Өткен жылдың соңында депутат, әкім және үкімет мүшелерінің еңбекақылары мен шығысы туралы баптар мәселесін талқыладық. Меніңше, олардың жалақысы жеткілікті. Сол себепті, олардың жалақысын көтеруге 5 жыл мораторий жариялауға болады деп есептеймін. Мен бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсініп тұрмын. Бірақ сіздер бұған түсіністік танытасыздар деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілерге жалақыны мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз", – деді мемлекет басшысы. 

 

Informburo.kz арнайы хабарларын YouTube желісінде көріңіз.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары