Тікелей эфир

"Төңірекке ауру таратады". Тараздықтар ауласынан шошқа фермасын ашқан көршісіне шағымданды

Жауапты мамандар барлығының заңды екенін айтады.

Таразда тұрғындар ауласында шошқа фермасын ашқан кәсіпкерге шағымданды. Ал мамандар қолданыстағы заңда ауласын жануарлар саябағына айналдырғандарға жаза жоқ екенін айтады, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Үйді сатайын деп жүргеніме бес жыл болды. Келген адам иістен дереу қашып кетеді. Суымыз 5-6 метр жерде қазылған. Мұның "септигі менімен бақшалас тұр", – деді Тараз қаласының тұрғыны Ақылбек Кішкеев. 

Мұнымен қатар, тұрғындар ластанған ауа әсерінен түрлі ауруға шалдығып жатқанын айтады. 

"Жанжағымыздағы кісілер ауру. Үшінші топтан бірінші топқа өтіп отыр. Жаздыгүні терезені ашып отыра алмасақ, неге жер үйде тұрып жатырмыз?" – деді Тараз қаласының тұрғыны Айгүл Бештаева. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жылқы саны бір жыл ішінде 3,4 миллион басқа дейін өсті


Ферма ашқан кәсіпкер барлығын заң аясында істеп отырғанын айтты. 

"Менікі таза еңбек. Ешкімге соқтықпай өмір сүріп отырмын. Ал көршілердің айтып жатқаны – маған деген жеке өкпесі шығар деп ойлаймын", – деді кәсіпкер Илфат Сафин.

Жауаптылар заңнан тыс әрекет ете алмайтынын алға тартты. 

"Мұндай шағымдар көп қалада түсіп жатыр. Расымен де, ана жерге барсаңыз, жаман иіс шығады. Егер заңға "Мүлдем мал ұстамасын немесе 5-6 бас малды қалада ұстамасын" деп енгізіп берсе, жұмыс істейміз", – деді ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тараз қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Ерғазы Бердібеков. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары