Тікелей эфир

Тоқаев Вьетнамның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Ол Қазақстан мен Вьетнам арасын жылы қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның жаңадан сайланған президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Вьетнам Президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

"Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүлденіп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын", – деп жазылған жеделхатта.

Бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік министрі генерал То Лам 22 мамырда ел президенті болды. Оны Вьетнам Ұлттық ассамблеясының мүшелері сайлады. То Лам 66 жаста, ол бүкіл мансабын Ішкі істер министрлігі мен Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінде атқарды.


Оқи отырыңыз: 2025 жылдан бастап ҰБТ-ның жаңа форматы іске қосылады


 

Серіктестер жаңалықтары