Тоқаев: Шыңғыс хан қай рудан шықты деген талас-тартысты қою керек

Президент бос әңгімелерді тоқтатып, әлемге прагматикалық көзбен қарауға шақырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуде зиялы қауымның кейбірі шетінен тарихшы, шыңғыстанушылар болып кеткенін айтты, деп хабарлады Борт №1.

"Мен академик Асқар Жұмаділдаев айтқан пайыммен толық келісемін. Халқымыз осындай күрделі заманда ең алдымен, әлемге прагматикалық көзбен қарауы керек. Бос әңгімелерді тоқтату қажет. Мысалы, Шыңғыс хан қай рудан шықты деген талас-тартысты қою керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда зиялы қауымның кейбірі шетінен тарихшы, шыңғыстанушылар болып кетті. Мұның қоғамымызға пайда әкелеріне күмәнім бар", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Алматының 30 мыңға жуық тұрғыны суды тасып ішеді


Президент Қазақстан жастарының санасы сергек, еті тірі, ширақ болуы қажет екенін айтты.

"Көрші мемлекеттердегі жас азаматтар шетелге барып, кәсіпорындар, дүкендер ашып, жақсы өмір сүру үшін жаңа дағдыларды игеріп жатыр. Олар, шын мәнінде, бәсекеге қабілетті, еңбекқор адамдар. Қазіргі жағдайда мен бір жерде өмір сүремін, туыстармен өмір бойы бірге тұрамын деген ұғым әбден ескірген. Сондықтан, құрметті ағайын, бәріміз озық болайық! Сонда ғана жастарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу, ойлары ұшқыр болады, көптеген сын-қатерге төтеп бере алады. Өз жағдайын өздері жасап, жақсы өмір сүре алады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары