Президент кәсіпкерлердің негізсіз қудалануын сынға алды.
ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде бизнес пен мемлекет мүддесі арасындағы тепе-теңдікті қатаң сақтау қажеттігін айтты.
"Бизнес пен мемлекет мүддесі арасындағы тепе-теңдік қатаң сақталуы тиіс. Ол үшін келесі қадамдарды жасау керек. Бірінші, бақылаушы органдар қызметінің репрессивтік сипатын төмендету жөніндегі жүйелі шаралар талап етіледі. Негізсіз қудалау, құқық қорғау органдарының қысымы әлі де бар деген көптеген дабыл қағылып жатыр", – деді президент.
Мемлекет басшысы кейінгі бес айда прокурорлар 100 мыңға жуық кәсіпкердің құқығын қорғағанын атап өтті. Бұл – тұтас 2021 жылғы көрсеткішпен шамалас. Аталған фактілер тергеу органдарының бизнесті қылмыстық қудалауға итермелейтінін білдіреді.
"Бас прокуратура кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау және әсіресе тергеу әрекеттерін заңсыз жүргізу фактілеріне жол бермеуді қатаң бақылауы қажет. Кәсіпкерлерді күдікті ретінде тану тәжірибесі де кең таралған, ал іс жүзінде бұл – жай ғана мүліктік даулар. Қазіргі уақытта кез келген тіркелген өтініш автоматты түрде қылмыстық іс қозғауды білдіреді. Бұл кәсіпкердің қызметін, инвестицияларды тоқтатады, іскерлік беделге нұқсан келтіреді. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл – кездейсоқтық емес, құқық қорғау органдарының теріс пиғылды қызметкерлерінің мүддесі үшін жұмыс істейтін жүйе. Мұндай мысалдар аз емес", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент құқық қорғау органдары ең алдымен, алаяқтық фактілерін ашуға, қаражатты жылыстату, заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру, қаржы пирамидаларын құру мәселелеріне баса мән беруі керек. Көлеңкелі экономикамен батыл күресу қажет.
"Біз азаматтық тексерушілердің қызметін қатаң реттедік. Тәуекелдерді басқару жүйесі, тексеру парақтары, профилактикалық бақылау енгізілді. Неліктен бұл құқық қорғау органдарына қатысты жасалмайды?" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
334
-
0
-
0
-
-
2🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
312
-
0
-
0
-
-
3🌻 "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
-
300
-
0
-
1
-
-
4🚘 "Шалғай ауылдарда мүлдем жоқ". Маңғыстаулық жүргізушілер автогаз тапшылығынан үш күннен бері кезекте тұр
-
288
-
0
-
1
-
-
5🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады
-
307
-
0
-
6
-
-
6💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
287
-
0
-
3
-
-
7👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
263
-
0
-
1
-
-
8🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
248
-
0
-
11
-
-
9🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
240
-
0
-
5
-
-
10👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
237
-
0
-
5
-