Тікелей эфир

Тоқаев: Біз демократиялық реформа жасаймыз деп, мемлекетті әлсіретуге еш жол бермеуіміз керек

Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтіп жатыр.

Біз демократия дәстүрі жетілген, мықты азаматтық қоғам құрамыз. Бұл – стратегиялық бағытымыз. Осы бағдарды берік ұстануымыз керек, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.

Мемлекет басшысы соңғы үш жылда бұл салада біраз нәтиже болғанын, билік пен халық арасында мазмұнды диалог орнағанын айтты. Бұған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі зор септігін тигізгенін атап өтіп, сол арқылы бірқатар озық идеялар ұсынылғанын жеткізді.

"Митингілер туралы демократиялық заң шықты. Партиялық сайлау тізіміне әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота енгізілді. Қоғамдық кеңестердің жұмысы жандана түсті. Саяси жаңғыру бағдарламасы арқылы оң бастамалар лайықты жалғасын табары сөзсіз", – деді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы "түрлі көзқарас, біртұтас ұлт" қағидатын берік ұстануға шақырды.

"Бір-біріміздің ой-пікірімізді тыңдап, құрметтей білсек, алға қадам басамыз. Біз демократиялық реформа жасаймыз деп, мемлекетті әлсіретуге еш жол бермеуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары