Тікелей эфир

"Төрт тісінен қағылды": Оқушылар арасында қауіпті ойын белең алды

Ойын кезінде талған балалар арасында оянбай қалатындары аз емес.

Қазақстанда мектеп оқушылары арасында кеңірдек тұсындағы тамырды қысу арқылы бір-бірін талдырып ойнау әдетке айналған. Психологтар мен дәрігерлер бұл бала өмірі үшін қауіпті екенін айтып дабыл қағып отыр. Бұл туралы Astana TV арнасы хабарлады.

Оқушылар арасында мұндай қауіпті ойынның белең алғаны Алматы облысындағы оқушылардың бірі табалдырыққа құлап, төрт тісінен қағылғаннан кейін ғана белгілі болды. Арна тілшілерінің зерттеуінше, мұндай әуестік елдің түкпір-түкпіріндегі оқушылар арасында әлдеқашан тарап кеткен. Оқушылар басқа баланың мойын тұсындағы тамырың басу арқылы оның 10-15 секундқа талып қалғанын қызық көреді екен.

"Маған да істеген. Бірақ, мен бір-екі шапалақтан кейін есімді жидым. Алайда оянбай, Жедел жәрдем шақырып, әрең аман алып қалған балалар бар", – дейді алматылық оқушы Нұрасыл Ермаханов.


Оқи отырыңыз: Әрбір үшінші оқушыға әлімжеттік жасалады. Мектеп неге буллинг мекеніне айналды?


Психолог мамандар бұл тектес ойындарды қуаттамайды. Ол бала денсаулығы мен психологиясына кері әсер етеді.

"Бала талған кезде эйфорияға түседі. Соны басқалар қызық көреді. Әдетте мұндай әрекетті мектептегі белсенді балалар көбіне үндемейтін, жуас оқушыларға жасайды", – деп түсіндірді психолог Маржан Еліқұлова.

Қоғам қайраткерлері де балалар арасында қатігез ойындардың белең алып бара жатқанына алаңдаулы. 50 жыл ұстаз болған Аягүл Миразова тәрбиенің мектепте де, үйде де ақсап тұрғанын жеткізді.

"Қазіргі таңда шын мәнісінде ата-аналарға, да ұстаздарға да оңай болып отырған жоқ. Жалғыз бұл ойынмен ғана емес, жалпы тәрбиемен күресуіміз керек", – деді қоғам қайраткері Аягүл Миразова.

Арна тілшісінің хабарлауынша, мұндай қауіпті ойындардың құрбандары туралы нақты деректер жоқ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары