Тікелей эфир

Төрегелді Шарманов: Қоғам дертінің бірі – өнер қайраткерлері, шен-шекпенділердің кітап жазғыштығы

Ғалымның жазуынша, бүгінде өтірік айту – өмір сүрудің кредосына айналған.

Ғалым, академик, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Facebook желісінде дастархан басындағы әңгімеден әрі аса алмайтын автобиографиялық кітап жазатындарды сынға алды.

"Бүгінде қоғамда жайлаған дерттің бірі – өнер қайраткерлерінің, шен-шекпенділердің кітап жазғыштығы. Қазір автобиографиялық кітаптан көп нәрсе жоқ. Олардың ішінде бір өнеге, үлгі болса жақсы ғой. Ылғи өздерінің дастархан басындағы әңгімелерінен әрі аса алмаған. Одан қалды, әлгі бастықсымақтардың өздеріне арналған одалардан аяғыңды алып жүре алмайсың. Олардың ата-бабалары да ылғи данагөй, бай-бағлан, батыр болыпты. Сонда қалған жұрттың барлығы құлдан туған ба?" – деп жазды академик.

Оның сөзінше, мұның барлығы елде жалған құндылықтардың қалыптасқанын, даму көшінен адасқанды білдіреді: "Қазір өтірік айтудан ешкім қысылмайтын болды. Өтірік айту – өмір сүрудің кредосына айналды".

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары