Тікелей эфир

"Төбесінен су ағады". Павлодар облысында былтыр жөнделген мектеп жарамсыз болып қалды

Мектеп бюджеттің 106 миллион теңгесіне жөнделген.

Павлодар облысында былтыр бюджеттің 106 миллион теңгесіне жөнделген мектептің жағдайы сын көтермейді. Бір жыл өтпей ғимараттың төбесінен су сорғалап тұр, деп хабарлады 31 арна.

Мұғалімдердің айтуынша, мердігер жұмысты шала-шарпы істеген. Соның салдарынан қазір оқу ордасының бір бөлігі жарамсыз болып қалған. Енді мектеп ұжымы жаңа оқу жылына дейін ғимаратты жөндеп беруді сұрайды.

"Бір-ақ рет жауында осындай нәтижені көріп отырмыз. Жаз бойы жауын болатын болса, мектебімізге жасалған жөндеу жұмысы, қаражаты бәрі босқа кеткен болып есептеледі. Сондықтан бұл жөндеу жұмыстарының кейбір жері сапасыз деп айтуға да тұрарлық", – деді Саты орта мектебі директорының орынбасары Ботагөз Қайратқызы

Мектеп жанынан салынған шағын футбол алаңы да балалар үшін қауіпті. Көзге көрініп тұрған кемшіліктерді жауаптылар қалай қабылдап алғынын түсінбеген мұғалімдер наразылық танытып отыр.

"Сапасы төмен. Енді былай қарасаңыздар көзге де көрінеді. Мынау бәрі – қисық, жойық. Суда тұрады. Міне, футбол воротасын алсақ та варитталмаған ештеңесі. Бордюріміз міне деңгейінен гөрі жоғары тұр. Бала құласа, қауіпсіздікке жатпайды. Жарақат алуы мүмкін",– Саты орта мектебінің спорт мұғалімі Дәурен Солтанов.


Оқи отырыңыз: "Дөрекі сөйлеп, қоқан-лоқы көрсетеді". Қызылорда облысындағы бір мектептің мұғалімдері басшысына қарсы шықты


Ауылдағы мәдениет үйі де мектептің кебін киіп тұр. Оны жөңдеуге 46 миллион теңге жұмсалған. Бюджет қаржысын оңды-солды шашқызып, сапасыз құрылыстарды кімнің, қалай қабылдап алғаны білгісіз. Ал, аудан басшысы мердігер барлық олқылықтың орнын толтырады деп отыр. 

"Барлығын жөндейді. Қай жері түсіп жатыр, біз бәрін тізіп жазып бердік. Мәдениет үйі бойынша да мердігерге хат жолданды", – деді Май ауданының әкімі Ағыбай Әмірин

Әлеует үшін маңызды нысандардың кепілдік мерзімі бар екен. Егер мердігер ғимараттарды қалпына келтіруден бас тартқан жағдайда, әкімдік оны сотқа бермек. 

Серіктестер жаңалықтары