Алматы облысының Қарасай ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әлеуметтік желіде өзін ұрлап кеткені туралы жалған видео жариялаған бойжеткенге қатысты шешім шығарды.
Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылғы 15 қаңтарда болған. Кешкі уақытта қыз TikTok әлеуметтік желісінде өзін ұрлап кеткені туралы бейнежазба жариялаған. Видео желіде кеңінен таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу, яғни "алып қашу" белгілері бар жағдай ретінде қабылданған.
Алайда сот отырысы барысында бойжеткен кінәсін толық мойындап, аталған видеоны көп қаралым жинау мақсатында әдейі жариялағанын және жасаған әрекетіне өкінетінін мәлімдеді.
"Сот қаулысымен ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Қыздың әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және өкініш білдіргені ескеріліп, айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылды. Нәтижесінде ол 60 550 теңге төлеуге міндеттелді", – делінген хабарламада.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13