Тікелей эфир

The New York Times пен Siena College АҚШ президенті сайлауы бойынша сауалнама нәтижесін жария етті

Сауалнамаға қатысқан сайлаушылардың басым бөлігі Камала Харристі қолдайтынын айтқан.

The New York Times пен Siena College жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша вице-президент Камала Харрис Солтүстік Каролина мен Джорджияда, ал экс-президент Дональд Трамп Пенсильвания мен Аризона штаттарында басымдыққа ие. Бұл туралы nytimes.com сайты жазды. 

Сауалнама Харрис ханымның Невада, Солтүстік Каролина және Висконсинде, ал Трамп мырзаның Аризонада көптің қолдауына ие болып отырғанын көрсетті. Мұнымен қатар, халық арасындағы сауалнама олардың Мичиган, Джорджия және Пенсильванияда әлі де араларында мықты бәсекеге барын айқындады.

"Кампаниялардың соңғы сағаттары мен жоғары бәсекелістік нәтиженің әлі де белгісіз екенін көрсетіп отыр. Осы уақытқа дейін таңдауын жасамаған сайлаушылар өз дауысын Харрис ханымға бергісі келетінін айтты. Дәлірек енді таңдау жасауға кіріскен жалпы сайлаушылардың 8 пайызы Харрис ханымды қолдап отыр. Яғни вице-президентті сайлаушылардың 55 пайызы, ал экс-президентті 44 пайызы таңдаған", – делінген мақалада. 


Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы сайлау: Fox News есебі бойынша, Дональд Трамп 47-ші президент атанады


Флорида университетінің сайлауды зерттеу зертханасының мәліметінше, сауалнама 70 пайыз америкалық дауыс беріп қойғаннан кейін жүргізілген. 

Times/Siena пікірін сұраған жеті штаттағы респонденттердің 40 пайызы дауыс беріп қойғанын айтқан. Нәтижесінде олардың басым бөлігі Харрис ханымды таңдағаны белгілі болды. Ал Трамп мырза әлі таңдауын жасамаған сайлаушылар арасында басымдыққа ие. 

Серіктестер жаңалықтары