Мұнда аса қажетті азық-түлік тауарларының 19 түрінің 12-сі елдегі орташа бағадан айтарлықтай жоғары.
The Economist басылымының сарапшылары зерттеу жүргізіп, Қазақстандағы ірі мегаполисті арзан қалалар қатарына қосты. Бірақ ел бойынша ең қымбат шаһар — тағы да осы Алматы. Мұнда коммуналдық қызметтер мен азық-түлік тауарларының құны республикадағы орташа бағадан әлдеқайда жоғары болып шықты, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
TE мамандарының мәліметінше, 133 арзан қаланың арасында Алматы 129-орынды иеленді. Солай бола тұра, мегаполис Қазақстандағы ең қымбат қала екен. Мұнда аса қажетті азық-түлік тауарларының 19 түрінің 12-сі елдегі орташа бағадан айтарлықтай жоғары. Мәселен, жұмыртқа — 38,4%, ұнның 1-ші сорты — 29,7%, ал күнбағыс майы 3,8% қымбат.
Азаматтар "алып мегаполис өзімізге ешқашан арзан болған емес", дейді. Алматыда азық-түлікпен қоса балабақша мен шаштараз қызметінің құны 1,5 есе жоғары. Мұнда тұрсаңыз, коммуналдық қызметке де басқа өңірлерге қарағанда артық төлеуіңіз керек. Қоқыс шығарудың өзі мұнда шамамен екі есе қымбат. Ыстық су бағасы 47,8% көп. Жылудың құны 37,2% жоғары.
Экономист Мақсат Халық шет мемлекетте шығын көп болса, тиісінше жалақының жоғары болатынын айтады.
"Олар азық-түлікке деген шығынды 20%-дан асырмайды. Несиесі мен ипотекасы болса да, оған жалақысының 20%-дан аспайтын бөлігін арнайды. Сонда өзін дамытуға көбірек ақша қалады. Мұнымен қатар, табысының 20%-ын жинауға, сақтандыру мен зейнетақы қорына аударуға мүмкіндіктері болады", — деді экономист Мақсат Халық.
Экономист маманның сөзінше, Алматыны қымбат не арзан қалалар қатарына қоспас бұрын халықтың шығыны мен табысын сәйкестендіру керек. Бұл таразы басы теңеспей біз тұрған алып мегаполис шетелдіктерге арзан, қазақстандықтар үшін қымбат болып қала береді, дейді сарапшы.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркістан облысында ірі жасырын есірткі бизнесі мен зертханасы анықталды
-
320
-
0
-
3
-
-
2🚑 Қазақстан өңірлік онкоорталықтарға заманауи жабдықтар сатып алады
-
293
-
0
-
0
-
-
3📣 Бүгін сағат 10:00-де Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтеді
-
275
-
0
-
0
-
-
4⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды
-
265
-
0
-
0
-
-
5⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
269
-
1
-
4
-
-
6⚡️Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарады
-
259
-
0
-
0
-
-
7⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
257
-
0
-
2
-
-
8⚡️Президент: партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді
-
248
-
0
-
2
-
-
9⚡️Президент: Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді
-
242
-
0
-
2
-
-
10⚡️Президент: алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ
-
246
-
0
-
0
-