USD: 482.7 / 485.3
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Thailand Travel Mart Plus: Таиланд жыл бойғы туризмді дамытуға бет бұрды

Фото: Таиланд туризм басқармасы
Фото: Таиланд туризм басқармасы
Биылғы дәстүрлі конференция Пайттайя қаласында ұйымдастырылды.

Таиландтың Паттайя қаласында шымылдығын түрген биылғы Thailand Travel Mart Plus (TTM+) 2026 көрмесі "Amazing Thailand: Healing is the New Luxury" ("Ғажайып Таиланд: Сауығу – жаңа сән-салтанат") тақырыбын арқау етті.

Үш күнге созылған көрме-конференция бүкіл әлем бойынша 800-ден астам туроператорлар, қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің өкілдерін және өзге де туризм саласымен ұштасып жатқан сала мамандарының басын қосты. Жаңа таныстықтар орнады, келісімшарттар түзілді, соны идеялар туып қана қоймай, көрме барысында-ақ жүзеге асып жатты. 

Таиландтың туризм және спорт министрі Сурасак Пханчароенворакулдың айтуынша, бұл конференция Таиланд Үкіметінің туризмді ұлттық экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде дамытуға деген ұстанымын көрсетеді.

 

Фото: Таиланд туризм басқармасы

"Көрме таиландтық туристік кәсіпорындарды әлемнің түрлі елдерінен келген әлеуеті жоғары сатып алушылармен, БАҚ өкілдерімен және серіктестермен байланыстырып, АСЕАН елдері арасындағы ынтымақтастықты және өңірлік әріптестікті нығайтады. Сонымен қатар бизнеске, инновацияларға және жаңа серіктестіктерге жол ашып, туризм индустриясының дамуына, экономикалық құндылықтың артуына және жергілікті қауымдастықтардың табысын көбейтуге ықпал етеді", – деді ол. 

Алғаш рет 2001 жылы ұйымдастырылған TTM+ биыл 23-рет өткізілуде және Таиландтың ең ірі халықаралық туристік көрмесі болып саналады. Бұл – TAT ұйымдастыратын, жергілікті туристік компанияларды халықаралық нарықпен байланыстыратын басты іскерлік алаң. 

Фото: Таиланд туризм басқармасы

 

"TTM+ 2026 – "Amazing Thailand: Healing is the New Luxury" тұжырымдамасын халықаралық туристік нарыққа таныстырудың тиімді алаңы. Бұл көрме Таиланд туризмінің сауықтыру қызметтеріне, мазмұнды саяхатқа және жауапты туризмге деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыра алатынын көрсетеді. Сонымен қатар іс-шара BCG (Bio-Circular-Green Economy) моделі, "Полигондарға нөлдік қалдық" (Zero Waste to Landfills) және "Тағам қалдықтарын нөлге жеткізу" (Zero Food Waste) қағидаттары арқылы тұрақты дамуға деген ұстанымымызды айқындайды. Мұнда қалыптасқан байланыстар мен серіктестік Таиланд туризмін сапалы, жауапты әрі сенімді бағытта дамытуға мүмкіндік береді", – деді TAT губернаторы Тапани Киатпхайбул.

10 маусымдағы бағдарлама Чонбури провинциясының туристік әлеуетін таныстырған жеті арнайы ақпараттық турмен басталды. Түстен кейін қатысушыларға Thailand Tourism Update шолуы ұсынылып, "Thailand: Your Source of Healing Vitamins" тақырыбында TTM Talk пікірталасы өтті. Сонымен қатар B2B форматындағы іскерлік кездесулер ұйымдастырылды. Ресми ашылу рәсімінде 5R тұжырымдамасы – Retreats (демалыс), Rituals (дәстүрлер), Reels (әсерлі сәттер), Rhythms (ырғақтар) және Relations (қарым-қатынас) – ұлттық тағамдар, иммерсивті өнер, мәдени қойылымдар, музыка және теңіз жағасындағы нетворкинг арқылы көрініс тапты.

Үш күн бойы жұмыс істейтін Thailand Pavilion көрме аймағы елдің бес өңіріндегі сауықтыру бағыттарын сенсорлық және интерактивті тәжірибелер арқылы таныстырады. Бұл кеңістікте келушілер Таиландтың табиғи және мәдени ерекшеліктерін көру, дәм тату, иіскеу, тыңдау және сезіну арқылы қабылдай алады. Экспозицияда жергілікті жемістер, ұлттық тағамдардың заманауи шағын форматтары, шөптердің хош иістері, табиғат дыбыстары және түрлі шеберлік көрсетілімдері ұсынылған.

Фото: Таиланд туризм басқармасы

Павильонда өңірлердің өзіндік сауықтыру дәстүрлері де таныстырылды. Солтүстік өңірде шөппен емдеу және тынығу тәжірибесі, орталық аймақта дене тепе-теңдігін қалпына келтіру әдістері, солтүстік-шығыста тұз және дәрілік шөптер терапиясы, шығыста ароматерапия, ал оңтүстікте теңіз суы мен теңіз тұзы негізіндегі сауықтыру рәсімдері ұсынылды. Сонымен қатар жергілікті өнімдерден дайындалған заманауи шағын гастрономиялық тағамдар арқылы дұрыс тамақтану мәдениеті насихатталды.

Көрмеде сондай-ақ Tomorrowland Thailand 2026 музыкалық фестивалі таныстырылып, оқиғалық туризмді дамыту, туристердің шығынын көбейту, түнгі туризмді жандандыру және туризмге байланысты салалар үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерін қалыптастыру көзделді.

Product Showcase экспозициясы "Travel with Care" ("Қамқорлықпен саяхатта")" тұжырымдамасына арналды. Мұнда табиғатты қорғау (Nature Care), адам денсаулығына қамқорлық (Self Care) және мәдени мұраны сақтау (Culture Care) қағидаттары Таиландтың шығыс өңірімен байланыстырылып көрсетілді.

Фото: Таиланд туризм басқармасы

Тұрақты даму қағидаттары TTM+ 2026 көрмесінің барлық кезеңіне енгізілді. Өткен жылғы көміртегі бейтараптығы тәжірибесін жалғастыра отырып, TAT қағаз бейдждердің санын қысқартты, Таиландтың Провинциялық электр басқармасымен бірлесіп көміртегі ізін есептеді, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жұмыстарын ұйымдастырды, артық тағамдарды қайырымдылыққа жіберіп, көрме материалдарын қайта пайдалану немесе сыйға тарту жүйесін енгізді. Бұл шаралар Таиландтың жауапты іс-шараларды ұйымдастыру және Net Zero Tourism мақсатына жету жолындағы қадамдарын айқындайды.

Көрме аяқталғаннан кейін халықаралық сатып алушылар мен БАҚ өкілдері бес арнайы туристік бағыт бойынша ақпараттық турларға қатысады. Олар:

  • Районг – Чантхабури;
  • Прачинбури – Накхонратчасима;
  • Накхонпатхом – Канчанабури;
  • Чианграй;
  • Сураттхани – Накхонситхаммарат бағыттарын қамтиды.
Фото: Таиланд туризм басқармасы

Бұл турлар жаңа туристік маршруттарды қалыптастыруға, өңірлердегі бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге және туризмнен түсетін табысты елдің барлық аймағына таратуға бағытталған.

2027 жылы келесі Thailand Travel Mart Plus халықаралық көрмесі Кхонкэн қаласында өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз