USDUSD: 503.1 / 506.5
  • EUREUR: 527.0 / 532.0
  • RUBRUB: 5.61 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +2C
  • -4°C Ақтау
  • -11°C Ақтөбе
  • +2°C Алматы
  • -7°C Астана
  • -6°C Атырау
  • -7°C Балқаш
  • -7°C Жезқазған
  • -8°C Қарағанды
  • -10°C Көкшетау
  • -13°C Қостанай
  • +4°C Қызылорда
  • -11°C Павлодар
  • -13°C Петропавл
  • -9°C Семей
  • +4°C Талдықорған
  • +8°C Тараз
  • +11°C Түркістан
  • -12°C Орал
  • -8°C Өскемен
  • +12°C Шымкент
Все города

Теннистен Қазақстан құрамасының ойыншылары балалармен бірнеше шара өткізді

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Шеберлік сағаттарына мүмкіндігі шектеулі балалар да қатысты.

Теннистен Қазақстан құрамасы Астанада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында плей-офф аясында Пәкістанмен ойынға дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Қазақстан теннис федерациясы Қазақстан құрамасы мен балалардың қатысуымен бірнеше шара ұйымдастырды. Олардың қатарында корттарда теннистен шеберлік сағатын өткізу, қолтаңба сессиясы және "Асыл мирас" орталығымен танысу бар. 

Шеберлік сағатында кішкентай теннисшілердің әрбірі ұлттық құрама ойыншыларымен жеке танысып, ойын техникасы бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Жаттығудан кейін жас спортшылар қолтаңба алып, кәсіби спортшылармен бірге суретке түсті. Теннисшілер өз кезегінде жас әріптестеріне тілек-кеңестерін айтты. Мұндай шеберлік сағаттары балаларға айрықша әсер етеді. Осындай шаралардың арқасында балалардың тенниске қызығушылығы арта түседі. 

Балаларға қолтаңба беру рәсімі. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Шеберлік сағатына дамуында ерекшеліктері бар балалар да қатысты. Басты мақсаттың бірі – балалардың ерекшеліктеріне қарамастан, басқа балалармен бірге жүгіріп, секіріп, ойнай алатынын көрсету. Оған қоса, жекелей спорт түрлері олардың әлеуеті мен қарым-қабілетін ашуға жәрдемдеседі. Бұл балалардың көпшілігі биылғы мамыр айында-ақ интеллектуальдық дамуы бұзылған жандар арасында өтетін теннистен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын өздерінің аға жолдастарына жанкүйер болады. 

Шеберлік сағаты. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

"Асыл мирас" орталығына Тимофей Скатов пен Александр Шевченко барды. Олар балалармен сөйлесіп, бірге ойнады. Балалар ойыншыларға тілек жазып, жасаған қолөнер туындыларын табыс етті. 

Қазақстанда 2014 жылдан бастап Болат Өтемұратов қоры аутизмі бар балалар мен олардың отбасына көмектесуге арналған "Аутизм. Барлығы үшін әлем бір" бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бағдарлама аясында Қазақстанның 12 өңірінде 13 "Асыл мирас" орталығы тегін жұмыс істейді. Бұл орталықтар балаларға білікті қызмет көрсетіп, ата-аналарын балаларын түсіне білуге оқытады. Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған осы жылдар ішінде 16 мыңнан астам бала мен олардың отбасыларына қолдау көрсетілді.

Фотосессия. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

 

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Серіктестер жаңалықтары