"Теңізшевройл" электр жүйесіндегі ахуалға байланысты мұнай өндіруді уақытша тоқтатты

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
ТШО өндірісті қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

"Теңізшевройл" ЖШС Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

Компания өкілдерінің айтуынша, шешім қауіпсіздік мақсатында және ықтимал тәуекелдердің алдын алу үшін қабылданған. Өндірісті тоқтатуға электр энергиясын тарату жүйелерінің бірқатарына әсер еткен жағдай себеп болған.

"Зардап шеккендер жоқ. Персоналдың қауіпсіздігі – компания үшін басты басымдық", – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда ТШО-ның техникалық қызметтері оқиғаның бастапқы себебін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Негізгі міндет – ахуалды қауіпсіз түрде жою және өндірісті қалыпты режимде қайта іске қосу.

Компания өкілдері жағдайды бақылауда ұстау және алдағы әрекеттерді үйлестіру үшін мемлекеттік органдармен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз