"Теңіз деңгейі төмендеуде". Бектенов көрші елдерді Каспийді сақтау үшін күш біріктіруге шақырды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл мәселені зерттеу үшін Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылған.

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий теңізінің таяздану проблемасын көтерді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі

Олжас Бектенов Каспий маңы мемлекеттері арасындағы аймақтық өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.

"2000 жылдардың басынан бері Каспий теңізі деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Осы және өзге де проблемаларды зерттеу үшін Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды. Ғалымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Осынау бірегей су айдынын сақтап қалу үшін барлық Каспий маңы мемлекеттерінің батыл үйлестірілген іс-қимылы қажет", – деді премьер-министр.

Қазақстан үкіметінің басшысы Олжас Бектенов. Фото: Primeinister.kz сайты

Су тақырыбына қатысты сөйлеген сөзінде Олжас Бектенов Арал маңындағы жағдайға да назар аударды. Бүгінде Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарады. Елімізде оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, Көкарал бөгеті нығайтылуда, Сырдария сағасы қайта қалпына келтірілуде, балық саласын қолдау және бұрынғы теңіздің кеуіп қалған түбін көгалдандыру бойынша жобалар іске асырылуда.

Серіктестер жаңалықтары