Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясындағы Далянь порт қаласында көлік қозғалысы үшін су астындағы автомобиль туннелі ашылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
"Даляньвань шығанағының түбінен өтетін су астындағы жол – Солтүстік Қытайдағы секцияларды түсіру арқылы салынған алғашқы су асты туннелі", – деді Dalian Bay Undersea Tunnel Co компаниясының бас инженерінің орынбасары Сун Чжу.
Сунь Чжудың айтуынша, 5,1 шақырым туннель алты жолақ арқылы екі жақты көліктердің жүруіне арналған. Автокөліктер сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүреді. Туннельдің құрылысы шамамен төрт жылға созылған.
Туннельге қосылатын жол да дүйсенбіде пайдалануға берілді. Осы жол мен су асты туннелі Даляньвань шығанағының солтүстік және оңтүстік жағалауларындағы кептелістерді азайтады және қаланың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.