Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіретін "теңге ілу" Қазақстан Республикасының аумағында спорт ретінде тіркелді, деп хабарлады ethnosport.kz сайты.
Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев бұйрыққа қол қойды.
"Бұйрықта "Қазақстан Республикасының аумағында "теңге ілуді" спорт түрі ретінде тану туралы" жазылған. Сонымен қатар, оның спорттық тізілім қатарына енгізілетіні көрсетілген", – делінген хабарламада.
Осы бұйрық негізінде теңге ілу спортына 311А коды берілді. Бұл код аталған спорт түрімен ер азаматтар айналысатынын, жазғы, тұрақты өтетін спорт түрі екенін білдіреді.
Оқи отырыңыз: Головкин мен Мурата жекпе-жегі Qazaqstan және Qazsport арналарынан көрсетіледі