Тікелей эфир

Темекі бермегені үшін пышақтап тастаған. Астана тұрғыны 9 жылға сотталды

Жәбірленуші көптеген дене жарақатын алғанымен, аман қалған.

Астананың түнгі клубтарының бірінде темекі бермегені үшін адамды пышақтап тастау оқиғасына қатысты сот үкімі шықты. 

Астана прокуратурасының хабарлауынша, жәбір көрсетуші мас күйде болған. Ол түнгі клубта біреуден темекі сұрап, ол беруден бас тартқаны үшін оның өмірлік маңызды органдарына пышақпен көптеген дене жарақаттарын салған.

"Оның денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды. Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді", – делінген Астана прокуратурасының хабарламасында. 

Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды және үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура кез келген жанжалдың салдары тек әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертеді.

Еске салайық, қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзуы бұзақылық санатына жатады және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. 


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған блогерлер ұсталды


 

Серіктестер жаңалықтары