Акциздік салықтың артуына байланысты алкоголь, тәтті сусындардың да бағасы көтерілуі мүмкін.
Қазақстанда темекі, арақ-шарап өнімдерінің акциздік салығы жоғары болғанымен, алда тағы артып, 2025 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдермен теңеседі. Бұл туралы 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы хабарлады.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әзірге тек темекінің акциздік салығы өсетінін нақты айтты.
"2024 жылға дейін темекіге акциз мөлшерлемесін 35 еуроға көтеруді жоспарлап отырмыз. Яғни мың дана темекіге шамамен 16 мың теңге болады. Бұл ретте есептеп көрсек, бір қорап темекі үшін 300-350 теңге шығады", – деді министр.
Оқи отырыңыз:
- Темекі, ішімдік және есірткіге тәуелділіктен қалай арылуға болады?
- Қазақстанда темекі өнімдерін ашық сатуға тыйым салынды
"Атамекен" кәсіпкерлік палатасы темекі акцизінің жыл сайын 10 пайызға өсіп отыратына қатысты алдын ала кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілген айтып, бұл ортақ шешім екенін хабарлады. Одаққа мүше елдермен теңеспесе, мемлекет арасындағы заңсыз тауар айналымының көбейіп кету қаупі бар.
"Акцизді бірден күрт көтерсек, кәсіпкерліктің бірнеше секторынан бір-ақ айырылып қалуымыз мүмкін. Оның артында жұмыссыздық деген үлкен мәселе туындайды. Сондықтан да темекіге кезең-кезеңімен салынады. Ал алкогольді ішімдікке соңғы он жылда акциз 5 есе артқан. Енді, тәтті сусындарға келгенде Үкімет алдымен нақты зерттеу жүргізіп барып, бұл қадамға бару керек. Өйткені, азаматтардың денсаулығына тікелей тәтті сусындарды тұтынғаннан зиян келіп жатыр деген ғылыми сараптама жоқ", – деді "Атамекен" ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Еркен Наурызбеков.
Үкіметте қазір құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізу мәселесі де талқыланып жатыр. Кәсіпорынға артылған салықтық міндеттеме, өнім құнының артуына әкеледі. Экономист Мақсат Халық сұраныс аз-кем төмендегенімен, нарықты астыртын цехтар жаулайтынын айтады.
"Бағаны бірден өсіріп жіберсе, баламалы, яғни көлеңкелі түрде заңсыз өнім шығаратын түрлі компаниялар пайда болады", – дейді экономист Мақсат Халық.
Темекіден өткен жылдың ішінде бюджетке 420 миллиард, алкогольден 200 миллиард теңге салық түсті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-