USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Тәжікстанда бақсы-балгерлердің көмегіне жүгінген тұрғындарға айыппұл салынады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Енді болашағын білгісі келіп, бақсы-балгерлерге барған тұрғындарды да жазаға тартпақ.

Тәжікстанда бақсы-балгерлердің өзіне ғана емес, көмегіне жүгінген тұрғындарға да айыппұл салынады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Осылайша, билік сиқыр әлемін түп-тамырымен жоюды көздеп отыр. Мәселенің ауқымы расымен алаңдатарлық. Тек осы жылдың ішінде 500-ге жуық сиқыршылық қызметі әшкереленген. 

Үкімет көріпкелдермен бірнеше жылдан бері күресіп келеді. Оларды жаппай ұстап, айыппұл да салынған. Бірақ, айтарлықтай нәтиже бермеген сыңайлы. 

Енді болашағын білгісі келіп, бақсы-балгерлерге барған тұрғындарды да жазаға тартпақ. Жаңа ережеге сәйкес, көріпкелдердің қызметін қолданғандарға 375-тен бастап, 750 сомониға дейін, яғни 18 мыңнан 38 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Сиқырға сенім енді қалтаға салмақ салатын қателікке айналмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау