Республикалық экологиялық "Таза Қазақстан" акциясы Түркістан облысында қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Акция аясында бүгін Арыс қаласында сенбілік өтіп, шараға қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты.
"Таза Қазақстан" акциясының басты мақсаты – үйіміз бен туған жерімізді таза ұстау, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету. "Таза Қазақстан" акциясы басталған сәуір айынан бері Түркістан облысы бойынша облыстағы 2 500-ден астам білім беру ұйымдарында (1421 балабақша, 1052 мектеп, 50 колледж) экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықты қоршаған ортаны ластамауға үйрету. Балаларды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейтін 2 000-ға жуық ашық сабақ, 650 кездесу, 960 дөңгелек үстел өткізілген. Акция аясында облыста медициналық нысандардың аумағында 10 957 дана түп ағаштары отырғызылып, 61 842 ағаш түптеріне әктеу жұмыстары жүргізілді", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар облыс аумағында орналасқан туристік нысандар аумақтарына санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әзірленген жол картасына сәйкес, Қ.Ясауи кесенесі, Отырар қалашығы, Үкаш-ата Кесенесі, "Шаға" туристік – рекрациялық орталығы, "Ақмешіт" жерасты үңгірі, "Домалақ ана" кесенесі мен бұлағы, Бибі мәриям кесенесі, Шахан ата кесенесі, Үкаша Ата кесенесі, Гаухар ана кесенесі, Арыс музей ғимараты, Шаммат Ишан музейі, Ерубаев музейі сынды киелі және тарихи орындарда тазалық акциялары ұйымдастырылды.
Оқи отырыңыз: "Таза Қазақстан": Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ауқымды іс-шаралар өтті
"Түркістан облысы Волонтерлік ұйымдардың бастамасымен "Жас Түркістан" еріктілер ассоциациясы құрылып, "Бұл сенің өңірің" акциясы негізінде тимбилдинг өтті. Жастар "Taza Alem" ұлттық жобасы бойынша "Қоршаған ортаны таза ұстау - әрбір азаматтың борышы" тақырыбы аясында жазғы шомылу маусымдағы өзен, көл маңдарын тазалап жатыр. Облысқа қарасты аудан, қалаларда "Таза Жағажай", "Өз өмірің - өз қолыңда" тақырыбы аясында, шомылу маусымындағы қауіпсіздіктің алдын алу мақсатындағы үнпарақшалар таратылып жатыр. "Эко волонтер" атты ерікті жастар киелі өлкелер мен өзен, тауларда қоқыс іздеу сайысы өтті", – делінген хабарламада.
Акцияға атсалысып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық 11 этно мәдени бірлестіктер мүшелері әр сенбі күні аумақтық сенбіліктерге белсене қатысып келеді.
Этностар көп орналасқан Сайрам, Сауран, Жетісай, Мақтарал, Келес,Төлеби аудандарында Ассамблея жастары "Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында плогинг сайыстары арқылы айналаны тазарту акцияларын дәстүрлі түрде өткізіп жатыр. Сайрам ауданында "Қоқыстан құнды заттар жасау идеялары" жүзеге асырылып жатыр.
"Generation" қоғамдық бірлестігі Сайрам ауданындағы білім беру ұйымдарымен бірлескен 36 экологиялық акция өткізді. Аталған акция бойынша 15 тоннаға жуық қайталама шикізат сатып алынып, қайта өңдеуге жіберілді. Облыста экологиялық бағытта төрт үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды.
"Өгем" қоғамдық бірлестігін тарапынан табиғи аймақты сақтап қалу мақсатында экоагротуризмді дамыту бойынша жаңа жоба іске асып жатыр. Аталған жоба өңірге келген туристерге "жасыл" технологияларды күнделікті өмірге ендіру бойынша шебер-сыныптар көрсетіліп, демоучаскелерде 16 саяхат жүргізілді. Табиғи жолмен энергия көзін ашып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар шаралар атқарылды", – делінген хабарламада.
Байқау екі кезеңнен тұрады: 1-кезең – аудандық, яғни, облыстағы 15 аудан, қалада байқаудың аудандық кезеңін өткізу үшін арнайы комиссиялар құрылып, 1 қыркүйекке дейін құжаттар қабылданады. Жеңімпаз ауылдар облыстық комиссияға ұсынылып, 1 қарашаға дейін "Үлгілі ауыл" жеңімпазы анықталады.
Экологиялық акцияны табысты жүзеге асырған ауылдар арасынан жеңіп шыққан жүлдегерге бір әлеуметтік нысан салынады. Бірегей жоба "TurkistanTV" телернасы эфирінде "Үлгілі аула" тележобасы арқылы насихатталып жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар бір реттік акция емес, елімізді көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы тұрақты түрде іске асырылатын жұмыстар болып жалғасын табады.