USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 560.5 / 565.5
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грант жобасының жеңімпаздары марапатталды

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грант жобасының жеңімпаздары марапатталды
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және "Атырау қ. Жастар ресурстық орталығы" КММ ұйымдастыруымен өткен "Тәуелсіздік ұрпақтары" грант жобасы өз мәресіне жетті.

Жеңімпаздар "ATYRAU JASTAR FEST 2025" фестивалі аясында марапатталды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: "Ғылым", "Медиа", "ІТ", "Мәдениет", "Бизнес" және "Волонтерлік". Әр бағыт бойынша үш үздік жоба іріктеліп, жалпы саны 18 жас грант иегері атанды. Әрқайсысына 1 миллион теңгеден қаржылай қолдау көрсетілді.

– Медиа бағыты бойынша "Balamura" атты жылжымалы қуыршақтар театры жобасын ұсындым. Үздіктер қатарынан табылып, бүгін осындай үлкен сахнада марапатталу – мен үшін үлкен қуаныш. Алдағы алты айда жобаны толық жүзеге асырып, әрі қарай дамытуға ниеттімін, – деді грант иегері Айгерім Жолдасова.

Айта кетейік, "Тәуелсіздік ұрпақтары" грант жобасы – жастардың тың бастамаларын қолдап, белсенді әрі шығармашыл буынды қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қолдау тетігі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз